Өңірлер

Алматы облысында әйел бір табын сиырды улады деп айыпталуда

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысындағы ауыл тұрғынының 12 сиыры уланып өлген.

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алматы облысында полиция бір табын сиырдың улануы туралы қылмыстық іс қозғады, іс бойынша 52 жастағы ауыл тұрғыны күдікті болып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Сиыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарқаралының "ақылды" сиырлары қалың қар астына тығылады

7 сәуір күні Панфилов ауданы полицейлеріне Қоңырөлең ауылы тұрғыны хабарласып, малдың жаппай қырылғандығы туралы жеткізді. Ауыл тұрғыны арызында көрсеткендей, екі апта ішінде белгісіз себептерден 12 сиыры өлген. Ірі қара малының жаппай қырылуына ер адам туысқан әйелді айыптады, оның айтуынша, әйел адам табынды белгісіз затпен улапты-мыс.

Істің мән-жайын анықтау барысында белгілі болғандай, өзара мүлік бөлісу кезінде арыз беруші мен күдіктінің арасында кикілжің туындап, тіпті ұзақ уақыт бойы соттасқан көрінеді. Дегенмен, аудандық полицияға түскен өтініш бойынша тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процестік шешім шығарылады. Ауыл тұрғыны материалдық шығынын 2,5 миллион теңге шамасында деп есептеп отыр.

Жаңалықтар
0