Қоғам

ҚР Бас прокуратурасы Renzo тобының әншісінен кешірім сұрады

© SputnikБас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Топтың әншісі Жанболат Ертаевтың есімі бұзақылық туралы істің фигуранттар тізімінен табылған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы Жанболат Ертаев пен Renzo тобының продюсері Алуа Қонаровадан кешірім сұрады.

Бірнеше күн бұрын Алуа Қонарова Facebook парақшасында Жанболат Ертаевтың есімі 2016 жылы болған бұзақылық туралы істің фигуранттар тізімінен табылғандығы туралы жазған болатын. Ал жас әншінің айтуынша, қылмыс жасалған кезде түсірілімде жүріпті.

"Бас прокуратруа басшылығының атынан Жанболатқа қатысты келеңсіз жайт үшін кешірім сұраймыз. Біз мұның өрескел қателік екенін анықтадық", — делінген ҚР Бас прокуратурасының Facebook парақшасындағы ресми хабарламасында.

Жаңалықтар
0