АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алматыда Сүйінбай және Рысқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды. ТҚКС-нан ұрланған Mercedes ML көлігі Рысқұлов көшесімен батыс бағытта келе жатып, Жангелдин көшесімен қиылыста Opel көлігін "сырып" кеткен. Mercedes жүргізушісі жол апаты орнынан қашып кетуге тырысқанымен, жол полициясына ұсталып қалады. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші мас болған.
Бұл уақытта Рысқұлов көшесімен батыс бағытта Toyota Land Cruiser және Mercedes W124 көліктері келе жатқан. Жол апатына қарап қалған Toyota жүргізушісі бар жылдамдықпен келіп Mercedes көлігіне соғылады. Қатты соққыдан Mercedes бір жаққа ығысып, бетон дуалға соғылған. Кейнірек бұл жайтқа назары бөлініп кеткен Toyota Carina E жүргізушісі Nissan Juke көлігіне соғылады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Mercedes ML көлігін айдап әкеткен адам сол ТҚКС-да сыршы болып жұмысқа тұрыпты.