АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Көкшетауда тақтайлы жаяу жүргіншілер көпірі Қылшақты өзеніне құлап кетті. Жергілікті билік оны уақытша жауып қойды.
Сенбі, 8 сәуірде тақтайлы көпір бұзылды, алайда қаланың кейбір тұрғындары өзеннің арғы бетіне соның үстімен өтуді жалғастыра берді. Бұл ретте шамамен 100 метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар автокөлік көпірі бар. Жазатайым оқиғаны болдырмау мақсатында жергілікті билік өткелді уақытша жауып, жанына күзет қойған.
"Себеп судың көтерілу деңгейінен жаяу өткел тірегінің босауы болуы мүмкін. Су деңгейі төмендегеннен кейін көпірді қараймыз. Әзірге бірдеңе деуге әлі ерте", — деп атап өтті Көкшетау ТЖ бойынша басқармада.