АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Батальон командирімен бірге оның орынбасары мен төрт взвод командирлері ұсталды
ҚР ІІМ Алматы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 5-батальнонының командирі Андрей Михайлов қызметкерлерінің заңнама нормаларын бұзды деген шағымынан кейін ұсталды, деп хабарлады алматылық қалалық соттың баспасөз қызметі.
"Михайлов, Тұяқбаев (оның орынбасары) және Маткаримов 16 мамырға дейін қамауға алынды", — деді соттың баспасөз қызметінде.
Бұдан бөлек, ҚР ІІМ Алматы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 5-батальноны взводтарының командирлері Юрий Ли, Жандос Рахымжанов және Біржан Әлмуратов қамауға алынды. Барлығы алты адам ұсталды.
БАҚ-тарда батальон қызметкерлерінің сөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, олардың басшылығы сыйақы төлеуді доғарып, сонымен қатар "өлі" және "жартылай өлі" жандарға жалақы аудары отырған.