Қоғам

Қазақстандықтар Мысырға саяхаттан бас тартып жатқан жоқ

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мысырға турлар белсенді сатылып жатыр. Мұнымен қоймай, туристік фирмалардың деректері бойынша қазақстандықтар қорқынышты жаңалықтарға қарамастан бұл елге демалыстан бас тартып жатқан жоқ.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Көптеген қазақстандықтар мысырлық шіркеулерде болған терактілерді жеке бастарына төнген қауіп деп қабылдамады. Туристік фирмалардың мәлімдеуінше, терактілер мен төтенше жағдай енгізу туристердің бұл елге деген сұранысын төмендетпеген. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Мысыр президентіне террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

"Бізде бәрі қалыпты. Мысырға турлар сатуда ешқандай проблема жоқ", — деп хабарлады телефон арқылы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Поедем!" туристік фирмасының менеджері Мадина Анарбекова. — Жоспарланғандай, барлық ұшақтар ұшады. Мысыр демалуға шетелдік туристерді қабылдауын жалғастырып жатыр. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл елге рейстер ұшпайды деген ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Әзірге Мысырға саяхат жасамай қоя тұрыңыздар деген де ұсыныс жасалған жоқ".

Туристік компаниялардың атап өтуінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, туристер сапардан бас тартуға құқылы, алайда туристік операторлар оларға тур үшін ақшаны қайтаруға міндетті емес екен.

"Туристер туристік фирмаға жүгініп, туристік қызмет көрсету туралы келісім-шартты бұзу туралы өтініш жасауға құқылы. Бірақ үкіметтің бұл елге рейстер жасалмайды деген ресми нұсқауы болмаса, оларға ақшаны қайтармайды", — деп түсіндірді Мадина Анарбекова. — Егер рейстерді ресми түрде жасалмайтын болса, әрине біз ақшаны қайтарамыз".

Дегенмен, туристік компаниялардың мәліметіне сәйкес, әзірге Қызыл теңіз жағалауына тур сатып алған бір де бір турист сапардан бас тартып, ақшасын кері қайтарып алуға ниет білдірмеген.

Жаңалықтар
0