Экономика

Қазақстанда жаңа және ескі үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуқұрылыс
құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпқабатты үйдің құрылысына орта есеппен алғанда 132 мың теңге жұмсалады

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. 2017 жылғы наурызда жалпы республика бойынша пәтердің әр шаршы метріне орташа есеппен 249 152 теңге белгіленді, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

"2017 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,4%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өзгеріссіз қалды. Бұл ретте көпқабатты үйдің құрылысына орта есеппен алғанда 132 мың теңге жұмсалады", — деп атап өтті ведомствода.

Ал абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату – 0,1%-дан төмендеп, бір шаршы метрі үшін 115 251 теңгені құрады.

Жаңалықтар
0