Направления в столичные детсады теперь выдаются только в электронном виде
Биыл Астананың мемлекеттік балабақшаларында 6310 орын босайды. Ол орындарға 2015 жылы туған 1240 бала, 2014 жылы туған 2233 бала, 2013 жылы туған 1340 бала, 2012 жылы туған 1111 бала, 2011 жылы туған 386 бала қабылданады.
"Кезекке тұрып, орын алған балалар 1 маусымнан бастап балабақшаға барады. Ол үшін ата-аналар электронды үкімет немесе e.astana.kz сайтында тіркелуі тиіс. Жолдаманы күту мерзімі қолданушыларға хабарландыру жіберлгеннен соң 15 жұмыс күнін құрайды. Ата-аналар жолдаманы алғаннан кейін бес күн ішінде мектеп алды білім беру мекемесіне өткізуі керек", — деп түсіндірді Астана білім беру басқарамасының мектеп алды білім беру және оқыту бөлімі басшысы Анар Смақова.