АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Алматыдан Дубайға КС895 рейсін орындауы тиіс "Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайынан ұшып шықты деп хабарлады әуе компаниясы ұжымдық коммуникациялар жөніндегі департаменті.
"Алматы әуежайына оралған КС895 рейсі Алматыдан 10 сағат 52 минутта ұшып шықты. Дубайға бару уақыты — жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 25 минут. Әуе компаниясы туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", — делінген хабарламада.
Жыл басынан бері "Эйр Астана" әуе компаниясының рейстеріне қатысты дәл осындай бірнеше оқиға болып, ұшақтар әуежайға қайта оралуға және шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды.