Қоғам

Дубай билігі жағажайдағы жүріс-тұрыс туралы жаңа нұсқау шығарды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтушомылу
шомылу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жағажайда жергілікті әдет-ғұрыпқа сай киімде ғана жүруге болады

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Дубай билігі жағажайдағы жүріс-тұрыс туралы жаңа нұсқау шығарды, деп хабарлады  ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Дубай муниципалитеті эмират аумағындағы жағажай келушілері үшін нұсқау шығарды: бұзуға болмайтын 7 ереже. Атап айтқанда, жағажайда бұрынғыша от жағып, заңсыз сауда-саттық жасап, адамдарды суретке түсіруге болмайды", — делінген жарияланған мәтінде.

Бұдан бөлек барша суға түсетіндерге өз заттарына мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді. Жағажайда жергілікті әдет-ғұрыпқа сай киімде ғана жүруге болады. 

Қырым - Sputnik Қазақстан
Экономика
Туризм: Қырым қазақстандықтардың қызығушылығын тудырады

"Жағажайдан тысқарыда суға шомылатын киіммен жүруге де тыйым салынады. Бұдан бөлек жағажайда түнеуге болмайды — бұл ереже жұлдыздарға қарап жатуға әуестенетіндерге қатысты", — деп жазады Иғали.

Оның сөзіне қарағанда, жағажайда болу ережелерін бұзу айыппұл төлеуге, кей жағдайда қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін.

Жаңалықтар
0