Өңірлер

Астанада бірқатар көшелер жөндеу жұмыстарына жабылады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтужол жөндеу
жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігімен Қабанбай батыр даңғылында су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелер жабылады, деп хабарланады елорда әкімдігінің сайтында.

Құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты елордада бірнеше көше жабылады. Атап айтқанда,

15 – 25 сәуірде Алматы көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысы, 26 сәуірден бастап 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында қозғалыс уақытша шектеледі.

© PhotoКерей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысының жабылуы
Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысының жабылуы  - Sputnik Қазақстан
Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысының жабылуы

Сонымен қатар, мамырдың 10-ы мен 15-і аралығында Қабанбай батыр даңғылының Орынбор к-сімен (Сығанақ к-сі) қиылысы жабылмақ.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қаланың сол жағалауын жылумен үздіксіз жабдықтау мақсатында әкімдікпен 5-ші кезектегі жылу магистралін салу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

15 сәуірден 15 мамыр аралығында Н.Тілендиев даңғылында Ш. Бейсекова к-сімен қиылыста, 16-26 мамырда Ш. Бейсекова к-сінде Н. Тілендиев даңғылы мен С. Сейфуллин көшесінің арасында қозғалыс шектеледі.

© PhotoБейсекова көшесі жөндеуге жабылады
Бейсекова көшесі жөндеуге жабылады  - Sputnik Қазақстан
Бейсекова көшесі жөндеуге жабылады

Мұнымен қоса, ү.ж. 15 сәуірден 30 мамырға дейін 14 көшеде жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, сол жағалаудағы 11 көшеде, оң жағалаудағы 3 көшеде. Тиісті жұмыстар барысында көшелердегі қозғалыс жартылай шектеледі. Кейбір көшелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатынсалу кезінде көлік құралдарының қозғалысы толық тоқтатылады. Көшелер жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сйкес жабылады.

"Арқар" (М-1) мен "Арыс" (М-3) көпірлерін жөндеу бойыша құрылыс жұмыстары: таяныш қоршауларды сырлау, бүлінген жерлерін ауыстыру, қоршаулардың қаптау жұмыстары 10 сәуірде басталады.

Сонымен қатар, 1 маусымға дейін 14 көшеде бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Хусейн бен Талал к-сі – Тұран даңғылынан Орынбор к-сіне дейін, Республика даңғ. –Сейфуллин к-сінен "Рамстор" СҮ орамына дейін, "Арыс" (М3) көпірі –Орынбор к-сінен Нәжімеденов к-сіне дейін, Байтұрсынов к-сі –Тәуелсіздік к-сінен Қ. Аманжолов к-сіне дейін, Тәуелсіздік даңғ.– Ташенов к-сінен Мұңайтпасов к-сіне дейін, "Салтанат сарайы" ауданындағы жол.

Бұдан басқа, Рысқұлов к-сі – Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін, дип. қалашық – Қонаев к-сі– Сарайшық к-сі, Тұран даңғылындағы екінші дәрежелі көше –Сарайшық к-сінен Қорғалжын тас жолына дейін мейрамхана кешендерінің бойы квадраты, "Сарыарқа" СОО-дан"Мега" СОО-ға дейін, Амман к-сі –Шарль де Голль к-сінен Г. Әлиев к-сіне дейін, Тәуелсіздік даңғ. –Момышұлы даңғ. Майлин к-сіне дейін, Қонаев к-сі – Қабанбай батыр даңғылынан Ақорда Президенттің резиденциясына дейін, сондай-ақ, Достық к-сі –Тұран даңғ.Ақордаға дейін жөнделеді. Достық көшесі –Тұран даңғылынан Ақордаға дейін 3 км жуық, ал Тәуелсіздік даңғылы –Момышұлы даңғылынан Майлин к-сіне дейін 0,5 км жол қалпына келтіріледі.

Жаңалықтар
0