АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Республиканың барлық аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс аймағының кей жерлерінде жаңбыр жауып өтеді, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.