АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Алматыда ер адамды көлік қағып кетіп, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарынындағы дереккөзі.
Адам өлімімен аяқталған жол апаты Жандосов көшісінен жоғары орналасқан Береговой көшесінде орын алды. Көптеген оқиға куәгерлері мен Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуларына қарағанда, көлік солтүстікке қарай бет алған, ал белгісіз шетел көлігі Береговой көшесі бойында оңтүстікке қарай қозғалып бара жатқан. Жаяужүргінші рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатып, жолдың ортасында тоқтап қалды. Белгізіс шетел көлігі оңтүстік бағытқа қарай көтеріліп бара жатқан кезде, жаяу жүргінші екі қадам артқа шегінді. Pajero жүргізушісі бірден тоқтай алмай, ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттардан "жедел жәрдем" бригадасы келіп жеткенге дейін көз жұмды. Жаяужүргіншің ішімдік ішкені белгілі болды.
Қалғанын Алматы полициясы анықтайтын болады.