АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Елімізде әуежайлар мен вокзалдарда намазханалар қайта ашылады деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
"Сарапшылық қауымдастықпен ынтымақтастық аясында мемлекеттік ұйымдардың маңында намаз оқитын орындарды ашуға салынған тыйымды алып тастау бойынша нұсқаулық енгіздік. Бұған дейін намазханалар 300 метрден алыс жерде орналасуы тиіс еді. Тиісті бұйрық жуырда шығады. Оған сәйкес мұндай шектеу тек оқу орындарына (діни оқу орындарынан басқа) қатысты болады", — деп хабарлады бүгін министрлікте өткен отырыста Ермекбаев
Бұдан бөлек, жаңа ереже теміржол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда намазханалар ашуға салынған тыйымның күшін жояды.