АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 10 сәуір күні сағат 11:00-де ғылымның коммерциализациясы мәселесі, ғылыми-зертту және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат көздерінде қоғамның назарын аударған Әлемдік Банк бағдарламасы бойынша гранттар туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Қатысушылар:
— "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының басқарма тобы (ЖБТ) директорының орынбасары Алау АХМЕТЖАНОВ;
— ЖБТ директорының орынбасары Мұрат САРТАЕВ;
— Әлемдік банк грантына үміткер "Канализациялық пайдаланған суларды белсенді микроағзалармен толықтырушы көлдерді биологиялық тазарту технологиясын жасап шығару" жобасының жетекшісі Күнсұлу ЗАКАРИЯ;
— Әлемдік банк грантына үміткер "Экологиялық таза технология бойынша құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш өндірісін шығару және ұйымдастыру" жобасының аға ғылыми қызметкері Мұсағали ДУАМБЕКОВ;
— 2014 жылы грантқа ие болған "IDocs" компаниясы жобасының негізін қалаушы әрі бас директоры Максим ГОРБУНОВ.