АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қостанайда орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушы қызды азғындады деген күдікпен ұсталды, оған қатысты сот алды тергеу ісі жүргізілуде деп хабарлайды alau.kz.
Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіповтің сөздеріне сүйене отырып, басылым хабарлағандай, 52 жастағы ер адам жұмыстан шығарылған, оған 13 жасар қызды азғындады деген күдік келтірілді.
Қазіргі уақытта бұрынғы мұғалім қамауда отыр.
Осы өңірде наурыз айының соңында тағы бір педофил 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.