АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Астана тұрғыны ашу үстінде 13 қабаттың балконынан кітап шкафын лақтырып жіберген деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәлімет бергендей, оқиға наурыз айының соңында Сейфуллин көшесі 8 мекенжайында отбасылық жанжал кезінде болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпепті. Есімін атағысы келмеген қала тұрғыны құқық қорғау органдарына шағым түсірген.
Полицейлер үй-үйді аралап, шкафты лақтырған 1976 жылы туған С. есімді азамат екенін анықтады. Азаматтың бұл әрекеті "Ұсақ бұзақылық" бабы ретінде қарастырылып, сот қаулысымен 10 АЕК айыппұл салынды.