АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Санкт-Петербургтегі теракт кезінде қаза тапқан қазақстандық Максим Арышевпен қоштасуға жүздеген адам жиналды деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматыда өтіп жатқан қоштасу рәсімінен.
Арышев 3 сәуір күні метрода болған теракт кезінде қаза тапты. Ол бірнеше жыл бұрын Петербург жоғарғы оқу орындарының біріне түскен.
"Мұндай балалардан айырылу жанымызға батады. Ол білікті маман, ардақты әке болып, өз балаларын да солай тәрбиелер еді. Азаматтық ұстанымы берік қалыптасқан жігіт еді, қыршынынан қиылды. Соңына дейін сене алдым. Баламыз білім қуамын деп Петербургке барып, ажал құшты", — деді Максимнің сынып жетекшісі Наталья Лановенко тілшілерге.
Жерлеу рәсіміне Максимнің туған-туыстары, достары мен сыныптастары ғана емес, отбасының қайғысымен ортақтасуға келген бейтаныс жандар да жиналды.