Оқиға

"Феникс" фильмінің түсірілімінен ақша жымқырды деп айыпталғандар шығынды өтей бастады

© Sputnik / Сергей КимТалгад Жаныбеков и Гаухар Искакова
Талгад Жаныбеков и Гаухар Искакова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы алғанда сотталушылар сегіз миллионнан астам зиянды өтеді

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында "Феникс" кинокартинасын түсіруге бөлінген қаражатты ұрлады деген айып тағылып отырған танымал әртіс Тұңышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сотталушылар қатарында – түсіру командасының тоғыз мүшесі, кинокомпания қызметкерлері, олардың ішінде "Қазақфильмнің" бұрынғы топ-менеджері бар. Олардың төртеуіне, оның ішінде бұрын қамауға алынған режиссер Талғат Жәнібеков пен "Қазақфильм" АҚ-ның бұрынғы басқару директоры Гауһар Ысқақоваға және бұрын кінәсін мойындаған фильмнің бас продюсері Тұңышбай Жаманқұловқа бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айып тағылды. Осы қылмыс жасады деген айып атқарушы продюсер Наталья Юдинаға да тағылды. Келтірілген шығын 69 миллион теңгеге бағаланып отыр. 

Бүгін "Қазақфильм" конокомпаниясының атқарушы директоры Лидия Климова сот алдында жауап берді. Оның хабарлауынша, келісімге сәйкес, "Феникс" фильмін түсіруге 2014 жылы 100 миллион теңге бөлінген. Дайындық және дайындық алды кезеңінде 79 миллион теңге, авторлық құқық қызметі үшін — 10 миллион теңге аударылған. 

"Құжаттар аудитін өткізу қажет болатын: дайындық алды кезеңіне, дайындық кезеңіне, кетіп жатқан нысанадар түсірілімен аралық смета. Жарату  лимиті 55 миллион теңге болатын. 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басына 35 миллион теңге көлемінде несиелік борыш пайда болды. Бұл ретте қаржылы есеп болған жоқ", — деді Климова. 

Оның сөзіне қарағанда жалғыз қаржы есебі 2014 жылы жасалған, онығ тізбесі 69 миллион теңгені құрады. Бірақ оның ішінде жалақыға да іссапарларға да құжаттар дәлелдемесі келтірілмеді.  

Сондай-ақ, қандай жұмыстардың жасалғаны көрінбеген. "Келісімнің бірінші бетінде бір компания, басқа беттерінде басқа компанияның мөрі мен қолы болған. Көптеген келісім-шарттарда атқарылған жұмыс кесімі болмаған. Біз топтың қойылым жобасын қорғауға дайын емес деген тұжырым жасадық. Қойылым жобасын қорғау мерзімінде жасалған жоқ. Сотталушылар келтірілген шығынды өтей бастады. Юдина үшін 2017 жылғы 3 сәуірде 2 миллион 79 мың теңге, 4 сәуірде Марлен Әбішев үшін 500 мың теңге, Бижан Әбішев үшін 280 мың теңге төленді", — деп хабарлады компанияның атқарушы диекторы. Бұдан бұрын Тұңышбай Жаманқұловтың 5,3 миллион теңгені өтегені хабарланған болатын. Бұл іс бойынша басты сот отырысы 9 наурызда басталды. 


Жаңалықтар
0