АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 7 сәуірде Астанада көктемгі марафон өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
2017 жылғы 7 сәуірде сағат 10:00-де "Триатлон паркте" дүниежүзілік денсаулық күні аясында "Спорт – күш, спорт — өмір" атты көктемгі марафон өтеді. Аталған шара EXPO–2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған.
Марафон Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппаратымен Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, Астана қаласы жастар саясаты және дене шынықтыру және спорт басқармаларының қатысуымен ұйымдастырылады.
Шара барысында Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Бақтияр Артаев қала тұрғындары мен қонақтарымен таңғы жаттығу жасайды.