АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, батыс пен орталықта ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с. Солтсүтік Қазақстан облысында — төменнен соққан боран.
Қостанай, Ақмола облыстарында — тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде Қостанай облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді — 15-20 м /с, түнде кейбір аудандарда тұман түсуі ықтимал. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, түнде Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.