Өңірлер

Қар құрсауындағы ауылға "жедел жәрдем" құтқарушылардың көмегімен жетті

© Photo : ДЧС Акмолинской области"Снежный плен" в Акмолинской области
Снежный плен в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында тұрғындар қар құрсауында қалып қойған

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында жауған қар,  қатты жел мен боранның салдарынан бір тәуліктен астам уақыттан бері адамдарды көшіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті. 

Осы күндері төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарында апаттық-құтқару жұмыстарының барысында 18 адам көшірілді. 

Маржан Габбасова - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

Арнайы техника жолды тазартып отырып қана "жедел жәрдем" көлігі Зеренді ауданына қарасты Қызылегіс ауылына жеткен. Осылайша дәрігерлердің қан қысымы жоғары әйелге көмек көрсетуі бірнеше сағат қажет болған. 

"4 сәуірде сағар 10.55-те Қызылегіс ауылында мұғалімге медициналық көмек керек деген хабар түсті. 1965 жылы туған әйел артериалдық гипертонияның үшінші деңгейімен сырқаттанады екен. Жолды қар басып қалып, жедел жәрдем көлігі ауылға жете алмаған. Тек сағат 15.40-те ғана төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен арнайы техниканың көмегімен науқас әйел аудандық ауруханаға жеткізілді», — деп әңгімеледі құтқарушылар. 

Барлығы құтқару жұмыстарына үш арнайы техника мен сегіз адам жұмылдырылған.  

Жаңалықтар
0