Қоғам

Депутат: тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжілістің жалпы отырысы
Мәжілістің жалпы отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттар "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беруді ұсынды

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беріп, Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында халық қаһармандары аллеясын ашуды және елді мекендердегі әлеуметтік объектілер мен көшелерге олардың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыздар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат эфирдегі қысыр сөз, жалған күлкі мен әдепсіз мазақты сынады

"Халық қаһарманы аталған батырларымыздың қоғамда алып отырған орны мен насихатталуы, оларға көрсетілген сый-құрмет көптеген сұрақ туғызуда. Батырларымыз жанқияр ерлікті жеңілдік я болмаса өтемақы алу үшін жасаған жоқ. Тіпті арамызда жүрген аз ғана қаһармандардың өздері бұл туралы әңгімені қозғағанды намыс көреді. Батырлық пен қарапайымдылық қатар жүретіні белгілі", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Берік Дүйсенбинов.

Депутаттың айтуынша, олардың ерлігін ұрпаққа паш етіп, лайықты бағасын беру біздің елдігімізге сын. Жас ұрпаққа идея болатын отан қорғау, патриотизм деген қасиетті ұғымдарды паш ететін осы қаһармандарымыз екені анық.

"Мектеп түлектерінің тест сұрақтарына бір күндік шоу бизнес өкілдерінің аттарының орнына, соғыста көзсіз ерлік көрсетіп, бейбіт күнде ең басты құндылық адам өміріне араша түсіп, жанын шүберекке түйген ерлердің есімі неге тұрмасқа?! Олар жайында оқулықтарда мүлдем айтылмайды деуге болады. Халық қаһарманы атағы тиісті әлеуметтік статуспен бекітілмеген. Ал көрші мемлекетте Ресей батыры атағына ие болған қандасымыз Серік Сұлтанғабиевтің ерлігіне ең жоғары мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз. Мысалы, басқа да әлеуметтік көмектерден тыс, олар 75 мың рубль ай сайын жәрдемақы алады. Жарақаттарына қарамастан ерліктің символы ретінде әскер қатарында қалдырылып, әскери бөлімге командир болып тағайындалды", — дейді Дүйсенбинов.

Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына орай ономастикалық жұмысты жандандыруды ұсынды

Депутат атап өткендей, Ресейде ондай батырлардың саны 1,5 мыңнан астам болса да, оларға бөлінетін қаржыны ешкім бюджетке артық жүк деп санамайды. Ал біздің бейбіт елде соғыс қаһармандарының саны саусақпен санарлық болса да, оларға мемлекет көрсететін шығындарды бюджетке қымбат түседі деп қорқып отырмыз.

"Заңнамада белгіленген халық қаһарманына берілетін жеңілдіктердің ішінде жиырма шаршы метр қосымша баспана мен тегін қабір тасын ғана атап өтуге болады. Осыған орай "Ақ жол" фракциясы келесі шараларды жүзеге асыру керек деп санайды. Біріншіден, "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беру. Екіншіден, Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында халық қаһармандары аллеясын ашу және елді мекендердегі әлеуметтік объектілер мен көшелерге олардың аттарын беру. Батырлардың өмірбаяны, ерлік жолдарын жинақ қылып шығарып, мектеп бағдарламасына енгізу", — деп түйді сөзін депутат.

Жаңалықтар
0