АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов 12 сәуір күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"Өзбекстан президентінің елімізге сапары сәтті болды… Жуырда Түркіменстан президенті келеді, мемлекеттік сапармен Астана қаласында болады", — деді Әбдірахманов сәрсенбі күні дипломатиялық корпуспен кездесу барысында.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің алғашқы мемлекеттік сапары 22-23 наурызда Астана қаласында болған еді.