Спорт

Abu-Dhabi Desert Challenge: екі қазақстандық үздік ондыққа енді

© Photo : Пресс-служба команды Astana MotorsportsAbu-Dhabi Desert Challenge
Abu-Dhabi Desert Challenge - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абу-Дабиде өтіп жатқан ралли-рейдтің үшінші кезеңіне төрт қазақстандық қатысты

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстандық квадроциклисттер Максим Антимиров пен Азамат Тілеулесов Abu-Dhabi Desert Challenge ралли-рейдінің үшінші кезеңінде алғашқы ондыққа енді деп хабарлады Astana Motosports командасының баспасөз қызметі.

Үшінші кезеңде жарысқа қатысушы бес қазақстандықтың төртеуі сайысқа түсті: алдыңғы кезеңде квадроциклі бұзылып қалған Кирилл Солоха темір тұлпарын дер кезінде жөндей алмапты.

Жарыс нәтижесі бойынша Максим Антимиров мәре сызығын жетінші болып кесті. Бір қызығы, Максим жарыс барысында құмға батып қалған қарсыластарына көмектесу үшін екі рет тоқтаған екен.

Мәреге оныншы болып қазақстандық Азамат Тілеулесов жеткен. Тағы екі қазақстандық — Сергей Кистанов пен Тимур Байжиенов — үздік ондыққа кіре алған жоқ.

Жарыстың төртінші кезеңі Астана уақыты бойынша 5 сәуірде өтеді, бір күннен соң жарыс аяқталады.

Жаңалықтар
0