АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы әрі жауын-шашынды ауа райы сақталады деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, көктайғақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман, желдің ұйытқуы — 15-20 м/с. Қарағанды облысында — тұман, көктайғақ, түнде желдің ұйытқуы — 15-20 м/с.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында — желдің екпіні — 15-20 м/с.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с. Ақмола облысында көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с. Қызылорда облысында, түнде Атырау облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында — тұман, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында — көктайғақ.