Алматылықтар Ресей Бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр
Алматылықтар Ресей Бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Таң ертеңнен бастап аза тұтып жатқан қазақстандықтар Ресей Федарациясының Алматыдағы Бас консулдығының қақпасына гүл шоқтары мен шамдар әкеліп жатыр 04.04.2017, Sputnik Қазақстан
Таң ертеңнен бастап аза тұтып жатқан қазақстандықтар Ресей Федарациясының Алматыдағы Бас консулдығының қақпасына гүл шоқтары мен шамдар әкеліп жатыр
АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Алматылықтар Санкт-Петербург метросындағы терактіге байланысты қаза тапқандарды еске алып, Ресей Федерациясының Бас консулдығының ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр. Санкт-Петербургтегі жарылыс кезінде қаза тапқандардың туыстарының қайғысына ортақтасып жатқан адамдар көптеп келіп жатыр.
Бас конкулдыққа келген алматылықтар қайғылы оқиғаны ортақ қайғы деп айтып отыр.
Сейсенбі күні белгілі болғандай, теракті кезінде Қазақстан азаматы – 22 жасар алматылық Максим Арышев қаза болды. Ол Санкт-Петербург университетінің үшінші курсында оқыған.
Ол анасына терактіден бірнеше секунд бұрын хабарласып, сабақтан үйіне қайтып бара жатқанын хабарлаған. Одан кейін байланысқа шықпай қалған. Оның анасы Санкт-Петербургке аттанып, қала мәйтханаларының бірінен ұлының денесін таныды.