АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Бүгін күндіз полицейлер Астана көшелерінің бірін қоршауға алды, оған қала тұрғының телефон шалуы себеп болған, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінде.
"Жергілікті тұрғын учаскелік инспекторға Абай даңғылының бойында, дүкеннің жанында күмәнді сөмке туралы хабарлаған. Полицияға хабар 15:20-да түсті. Бірнеше минут өткеннен кейін полицейлер мен арнайы жедел әрекет ету қызметінің өкілдері келген", — деді Астана ішкі істер департаментінде.
Сөмкеден күмәнді ештеңе табылған жоқ. Қазіргі уақытта қоршау алынып тасталды.