АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. 2017 жылғы 19 мен 20 маусымда Астанада өтетін конгресс жұмысы "Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер мен оларды жүзеге асырудың әдістері" желісімен екі күн бойы жүреді, деп хабарлады Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Осынау жоғары деңгейдегі Конгресс Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның өзінде алғаш рет өткізіледі.
Конгресс жұмысына әлемнің 50 елінен 1000 астам делегат, соның ішінде Нобель және "ЖаҺандық энергия" халықаралық сыйлығының лауреаттары, әйгілі сарапшылар, көрнекті ғалымдар мен әлемдік энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысады.
Конгресс жұмысы жаҺандық энергетикалық түйткілдердің жаңа шешімдерін іздеу, кадрларды, технологияларды, зерттемелер мен инновацияларды дайындауға бағытталған.