Оқиға

Қазақстандық Максим Арышев Петербургтегі теракт кезінде қаза тапты

Жазылу
Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы Арышевтің жоғалғаны туралы туыстары жүгінген уақыттан бастап қазақстандықты іздеуде қажетті шаралар қабылдаған.

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Қазақстан азаматы Максим Арышев Санкт-Петербургтегі теракті кезінде қаза болды, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрілігің баспасөз қызметі. 

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтың 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған терактінің салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай", — делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта, СІМ-нің деректеріне сәйкес, Максим Арышевтың денесі Санкт-Петербургтегі Екатерининск қалалық ауруханасында. Ата-анасы оны таныды. 

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы Арышевтің жоғалғаны туралы туыстары жүгінген уақыттан бастап қазақстандықты іздеуде қажетті шаралар қабылдаған. ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек беретіні хабарланады. 

"Максимның туыстары мен жақындарына және осындай адамгершілікке жатпайтын қылмыстың құрбандары болғандардың отбасына көңіл айтамыз", — деп түйді сыртқы саяси ведомствода. 


Жаңалықтар
0