Қоғам

Елімізде қазақ тілін білетін тұрғындардың үлесі 82%-дан асқан

© Photo : Ақмола Медиа ОрталығыПервоклассники
Первоклассники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш тілді меңгерген халықтың үлесі 20,5 пайызға жетті

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Елімізде қазақ тілін білетін тұрғындардың үлесі 82%-дан асты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

"Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаның екінші кезеңі аяқталды. "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, үш тілді оқыту моделін дамыту міндетімен толықтырылды. Жыл сайын жүргізілген зерттеулер тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруінде оң динамиканы көрсетті. 2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82,3 процентті құрады", — деп баяндады Мұхамедиұлы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, үш тілді меңгерген халықтың үлесі де жақсарып келеді. Ересек тұрғындар мен 12-17 жас аралығындағы оқушыларды қоса алғанда үш тілді меңгергендердің үлесі 20,5 процентке жеткен.

Студенты вуза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" мамандығы алынып тастағаннан бейхабар

"Үш тілді  меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсініктік туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына үш жүз адам қатысты. Биылғы жылы бұл дәстүр жалғасын тауып, қазақ және ағылшын тіліндегі курстарға қатысатын мемлекеттік қызметшілердің қатары екі есе артады", — деді Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар, республикада 87 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0