Саясат

СІМ Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін дегенге пікір білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ
ҚР СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын БАҚ-та Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербург метросындағы терактіге қазақстандық Максим Арышевтің қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"3 сәуір күні жергілікті уақытпен 21:06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына алматылық Ирина Арышевадан телефон қоңырауы келіп түсті. Ол жарылыс туралы ақпараттан кейін Санкт-Петербург экономикалық университетінің 3-курсында оқитын өзінің ұлы, 09.08.1996 жылы туған Арышев Максим Витальевичтің байланысқа шықпай қалғанын айтқан. Санкт-Петербургте М.Арышев өзінің дос қызымен, әпкесімен және жездесімен бірге тұрады. Туыстарының хабарлауынша, Максим соңғы рет 3 сәуір күні 14:30-да сабақтан шығып, Сенная площадь стансасынан Технологиялық институт арқылы үйге қайтып келе жатқанын хабарлаған", — деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулы теракті құрбандарын тану жүргізіліп жатқан ауруханада. Астана уақытымен таңғы сағат 5.30 жағдайында құрбандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқтығы анықталды.

"Максим Арышевтың Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар деп айтуға әлі ерте. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", — деп түйді Жайнақов.

3 сәуір күні кешке Санкт-Петербург  метросының "Сенная площадь" және "Технологический университет" станциялары арасында жарылыс болды. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 50-ге жуық кісі ауруханаға жатқызылды. 


Жаңалықтар
0