АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, республиканың тек онтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейн күшейюі күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейн күшейюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейн күшейюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, тұнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейн күшейюі күтіледі.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.