АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. ҚР СІМ петербургтік метродағы жарылыс салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақастандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" пен "Технологический институт" станцияларында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, вагонда анықталмаған зат жарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар, олардың саны нақтыланып жатыр.
"Қазір Санкт-Петербургтегі дипломаттарымыз құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары болды ма жоқ па анықтап жатыр. Олар қала әкімшілігімен байланыс ұстап тұр", — деді Жайнақов Sputnik Қазақстанға телефон арқылы.