Саясат

Астана мен Баку жаңа форматтағы қарым-қатынасты дамытпақ

© Photo : Официальный сайт президента РКПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев и глава Азербайджана Ильхам Алиев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и глава Азербайджана Ильхам Алиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан президентімен кездесті

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан президентінің Әзербайжанға ресми сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттер басшылары ресми кездесу рәсімінен соң "Загульба" резиденциясында шағын құраммен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжан арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екіжақты қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қазіргі кездегі жаңа үрдістер екі ел серіктестігін одан әрі дамытуға тың серпін бере алатынын айтты.

"Әлемдегі дағдарыстық құбылыстар ұлттық экономикамызға айтарлықтай залалын тигізіп жатқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, бұл бірлескен жаңа өндірістер ашып, жасырын мүмкіндіктерімізді пайдалануға жол ашуда. Экономиканы әртараптандырып, инновациялық технологияларға назар аудару қажет", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылды үдету, соның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның көлік-транзит әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.

"Бұл кездесу елдеріміздің өзара іс-қимылын одан әрі тығыз дамытуға мүмкіндік туғызатын жаңа форматтағы қарым-қатынасымызға тың серпін беруге тиіс", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті екі мемлекеттің халықаралық саладағы өзара түсіністігіне және ұстанымдарының ұқсастығына назар аударды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевті 2016 жылғы референдумда Әзербайжан халқының ел конституциясына енгізілетін, президенттің өкілеттік мерзімін ұзартуға бағытталған өзгерістерді қолдағанымен құттықтады.    

Өз кезегінде Ильхам Әлиев ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, оның аясын кеңейту жолында Қазақстан президентінің сапары маңызды екенін айтты.

"Бүгін қол қойылғалы отырған құжаттар екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Қазақстан біз үшін достас, бауырлас ел болып саналады. Біз бүгінгі кездесуге зор мән беріп отырмыз", – деді Әлиев.

Сонымен бірге, Әзербайжан президенті Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін атап өтті. 

 

Жаңалықтар
0