АСТАНА,3 сəу — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық боксшы Били Джо Сондерс арасындағы титулды жекпе-жек осы жылдың шілде айында Қазақстанның елордасында өтеді, деді дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев.
"Жекпе-жектің 17 шілдеде өтетіні белгілі болды. Головкин қолын қойды. "Астана Аренада" ұлыбританиялықпен жұдырықтасады. Сондықтан дайындалыңыздар, ақша жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деген ойдамын", — деді Маржықпаев.
Оның атап өтуінше, екі аптада бәрі анық болады.
"Кәсіпқой бокс бизнеске айналып кетті ғой. Меніңше, билет бағасы 10-15 мың болады", — деді ол.