АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. 4 сәуір күні сағат 14:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстан президентінің Әзербайжанға іссапарының нәтижесі туралы бейнекөпір өтеді.
2-3 сәуірде маңызды саяси оқиға болды – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасына іссапармен барды.
Іссапар барысында жасалған келісімдер мен олардың елдер арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа тигізер ықпалы туралы сарапшылар пікірлерімен бөліседі:
Астанада:
— "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Владимир Тельнов
Бакуде:
— Батыс университетінің профессоры, саясаттанушы Фикрет Садыхов.
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1.
БАҚ аккредитациясы: +77015277007.