Еуропа елдерінде күлгін және қызыл түсті картоптан салат пен езбе жасау кең таралып келеді.
Мұндай түсті картопта қарапайым картоптан қарағанда антиоксиданттар 5-10 есе көп.
Беларусь ҰҒА Көкөніс өсіру институтында түсті картоптың жүзден астам түрі өсірілді. Қазір ғалымдар олардың тағамдық құндылығын және басқа да қасиеттерін зерттеп жатыр.