Өңірлер

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЖауын
Жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстікте күн күркірейді

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауады, солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады Қазгидромет.

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Біресе суық, біресе ыстық: синоптиктер сәуір айына ауа райы болжамын жасады

Қостанай облысында кей жерлерде күндіз және таңертең тұман, көктайғақ, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20, түнде ұйытқуы – 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман, күндіз төменнен соққан боран болады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жел – 15-20, Жамбыл облысында ұйытқуы – 23 м/с.

Ақтөбе облысында төменнен соққан боран, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында күндіз тұман, көктайғақ, күндіз жедің екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысында күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Қарағанды облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында – тұман. 

Бұдан бөлек, жауын-шашын болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасуы мүмкін; ШҚО өзендерінде – мұз кептелуі ықтимал.

Жаңалықтар
0