АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған жол апаты болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға Бауман және Васнецов көшелерінің қиылысында болған.
Жүк көліктің жүргізушісі Бауман көшесінің бойынан оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Васнецов көшесінен көліктерді өткізу үшін тоқтаған.
Бұл уақытта жолдың рұқсат етілмеген жерінен әйел өтіп бара жатқан. Ол көліктің артқы дөңгелектерінің жанында болды. Жүк көлігі қозғалып әйелді басып кетті.
Жәбірленуші "жедел жәрдем" келгенге дейін жан тапсырды.