АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Ресейлік "Голос Дети" музыкалық байқауының финалына алматылық Алина Сансызбай шықты, бұл туралы конкурстың Instagram желісіндегі аккаунтында хабарланады.
Тоғыз жасар әртіс қыз қазылар алқасын тамсандырып, әнші Нюшаның командасына түсті.
Жартылай финалда жас қатысушы басқа конкурсанттар Нұрлан Исмаилов және Стася Федоровамен бірге Clean Bandit тобының "Rockabye" әнін орындады.
Тоғыз жастағы Алина бұрын шоуда жеңіске жетіп, радиожүргізуші болуды армандайтынын айтқан.