АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20, күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі 15-20, таңертең және күндіз 23-28 м/с болады. Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады. Павлодар облысында желдің күшеюі 17-22 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Шығыс-Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.. Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарның кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с күшейеді, бұрқасын болады.Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.