АСТАНА, 31 нау – Sputnik. Екі дүркін олимпиада чемпионы, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко спорттық мансабын аяқтайтыны туралы мәлім етті.
"Мен Кореяға спортшы ретінде бармаймын. Мен спорттағы мансабымды аяқтадым. Өз академиямды ашып жатырмын, онда бапкер ретінде жұмыс істеймін. Егер біз спортшылармен бірге Олимпиадаға дайындалып үлгерсек, бәлкім барып та қалармын", — деді Плющенко "Матч ТВ" телеранасына берген сұхбатында.
Спортшының атап өтуінше, мойын омыртқасына жасалған отадан кейін, ол үлкен спортпен қоштасуды жөн көріпті.