KazSat-2 жер серігін жөндеуге ресейлік мамандар көмектесіп жатыр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуХруничев орталығы
Хруничев орталығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан KazSat-2 жер серігінің жұмысын қалпына келтіру үшін Хруничев орталығының көмегіне жүгінген. KazSat-2 жер серігін осы кәсіпорын шығарған

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы KazSat-2 жер серігінің жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Ақаулық салдарынан жер серігі уақытша басқарылмай қалған болатын.

Ғарыш - Sputnik Қазақстан
KazSat-2 жер серігі уақытша басқарылмай қалды

Бұған дейін хабарланғандай, KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстанның 13 байланыс және хабар тарату операторы пайдаланады, қазіргі уақытта олардың қызметі тоқтатылды.

"Иә, олар көмегімізге жүгінді. Біз осындай жағдай туындағанда кездегі өз жұмысымызды атқарып, көмек көрсетуге дайынбыз. Жер серіктің жұмысын қалпына келтіруге көмектесіп жатырмыз", — деп хабарлады Хруничев орталығының баспасөз қызметі  РИА Новости басылымына. 

Жаңалықтар
0