Қоғам

Дін істері жөніндегі министрліктің жоғары лауазымды шенеунігі парамен ұсталды

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік 1,4 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары парамен ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, Бауыржан Мусин мемлекеттік сатып алуға қатысушыларының мүддесін қолпаштағаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

"Биыл 31 наурыз күні Мусин Б. кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталып, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Параның  жалпы сомасы 1,4 миллион теңге", — делінген хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр. 

Жаңалықтар
0