АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстандық қыз-жігіттер ғаламтор арқылы қаңтар айында көбірек танысады деп хабарлады "Яндекс.Деньги" баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы көбінесе келесі танысу сайттарын қолданады екен: LovePlanet, Mamba, Теамо, MyLove, eDarling және Mahabbat.kz.
"Бір қызығы, қолданушылардың ғаламтор арқылы қарқынды танысуы жыл мезгіліне байланысты. Төлемдердің ең жоғарғы көрсеткіші қыс мезгілінде, дәлірек айтқанда, қаңтар айында болды. Жазда да адамдар мұндай сайттарда көбірек қаражат жұмсайды, әсіресе, маусым айында. Ал, көктемде, сәуір айында, ғаламтор арқылы танысуға қызығушылық күрт төмендеп кетеді", — делінген зерттеу нәтижесінде.