АСТАНА, 30 нау — Sputnik. Астана ішкі істер департаменті арнайы жедел әрекет ету жасағының жас қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылған. Ер адамның денесі 8 наурыз күні ЖӘАЖ аңғарында табылды.
"Мүрдені тауып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Денені алдын ала қарау кезінде жарақаттар табылған жоқ. Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", — деді Астана ІІД-де.
Департаментте хабарлағандай, полиция кіші сержанты қызметке 2016 жылғы желтоқсанда тағайындалған.