АСТАНА, 30 нау — Sputnik. Алматыда Subaru Forester автокөлігі аударылып, шам бағанасын құлатты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.
Жол апаты Сайынға жетпей, Райымбек даңғылындағы жол қиылысында болды. Куәгерлер мен Subaru жүргізушісінің айтуынша, Subaru мен Toyota Land Cruiser Prado Райымбек даңғылы бойынша шығыс бағытында қозғалып бара жатқан. Сайын көшесіне бұрылған кезде жол талғамайтын көлік жүргізушісі Subaru көлігін қыса бастады.
Forester жүргізушісі әрекет етіп үлгере алмай, жолдың шетіне ұшып кетіп, бағанаға соқтығысты.
Соққыдан көлік аударылып, қайта дөңгелегіне тұрды. Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.
Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер зардап шеккен жүргізушіге алғашқы көмек көрсетті.
Енді полицияға апатқа себепшіні ізде табу қажет.