Оқиға

"Барыстың" жас хоккейшілері Челябіде уланып қалды

© Sputnik / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртүрлі хоккей командаларына кіретін жиырмадан астам бала өздерін нашар сезінетінін айтып шағымданған

АСТАНА, 29 нау — Sputnik. "Барыс", "Авангард" және "Торос" клубтарының 11 жастағы хоккейшілері Челябіде уланып қалды. Ол жерге жас спортшылар жарысқа келген, деп хабарлайды 31tv.ru сайты. 

Жастар хоккей командаларының тәрбиеленушілері өздерін нашар сезінетінін айтып шағымданған. Балалардың біріне қабынған ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Оны инфекциялық бөлімге жатқызды. 

Қалған балаларға жедел медициналық қызмет көрсетілді. 

"Жалпы 163 адам тексерілді, олардың 26-сы науқас. Бір бала ғана ауруханаға жатқызылды. Жағдай тұрақты бақылауда", — деп хабарлады Chelyabinsk.ru сайтына денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ирна Пономарева. 

 

Жаңалықтар
0