Оқиға

Оңтүстік Қазақстанда контрафактілік темекілер сатылымға түскен

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтутемекі
темекі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұтынушылар жасанды темекі мен акциз белгісін өз бетімен ажырата алмайды

 АСТАНА, 29 нау — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу кент ауылында контрафактілік темекі өндіретін  ірі заңсыз кәсіпорын жабылды. Алайда жасырын цехтың өнімі өңір жəне Қырғызстан нарықтарына түсіп үлгіген, деп хабарлайды қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті.  

Өндіріс бір жыл бойы жұмыс істеп, күніне 300 мыңнан 500 мыңға дейін темекі өндірген. Заңсыз фабриканың ұйымдастырушылары — Қазақстан, Өзбекстан, жəне Қырғызстан ның 10 азаматы. Олар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған. 

Жедел қызметкерлер 900 мыңға жуық акциз маркасын, 20 тоннадан астам  темекі  тəркіледі.  

Тұтынушылар жасанды темекі мен акциз белгісін өз бетімен ажырата алмайды

Жаңалықтар
0